1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. Кәсіпорын облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады.
  3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
  4. Субъектінің құқықтарын, Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқықтарын «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  5. Қарағанды облысы білім басқармасының "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің басқару органы болып табылады.
  6. Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

орыс тілінде: Коммунальное государственное казённое предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Достық» отдела образования города Приозерск управления образования Карагандинской области.

  1. Кәсіпорынның орналасқан жері:101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Космонавтов көшесі, ғимарат 2.

2 тарау. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

  1. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
  2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

3 тарау. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Кәсіпорын жұмысының мәні - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практиканың жетістіктеріне негізделген жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби дамытуға бағытталған жоғары сапалы қосымша білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
  2. Кәсіпорынның мақсаты:

1) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін жүзеге асыру;

2) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы интеллектті байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге деген құрмет, халықтық дәстүрлерді құрметтеу, кез-келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасын қалыптастыру;

5) экологиялық мәдениетті балаларды тәрбиелеу, оларды табиғатты қорғау шараларына тарту;

6) қоғамдағы өмірге бейімделу;

7) демалысты мазмұнды ұйымдастыру.

  1. Кәсіпорын қосымша білім беру ұйымының, сондай-ақ дамуында ауытқуы бар балалар үшін білім беру қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз етеді және олардың қосымша білім алуы үшін ерекше жағдайлар жасайды;

кәсіпорын білім берудің оқу жоспарларын балалардың қажеттіліктерін, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жастардың) қажеттіліктерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін, ұлттық және мәдени дәстүрлерді ескере отырып егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қарағанды ​​облысы  білім басқармасының  «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша  жасалады.

оқу-тәрбие процесі бірлестікте  жүзеге асырылады: клуб, студия, ансамбль, топ, үйірме, бөлім және басқалары (ары қарай - бірлестік):

-музыка бөлімі;

-спорт бөлімі;

-көркемөнер бөлімі;

-мектеп жасына дейінгі балаларға арналған толық күн болатын ( 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға)  «Еркетай» шағын орталығы;

-мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жарты күн болатын сөйлеу тілі жалпы дамымаған (2–6 (7) жас  балаларға арналған «Балауса»  шағын орталығы;

-музыка бөлімінде оқу-тәрбие қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына және үлгілік оқу жоспарына және музыка мектептерінің және балалар өнер мектептерінің білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады;

-мектепке дейінгі «Еркетай» шағын орталығының қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына,   «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық  ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады;

-мектепке дейінгі «Балауса» шағын орталығының қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына және Мүмкіндіктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырады;

бірлестіктерде тәрбиелеу  және оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады;

балалардың белсенділігі бір жастағы және әр түрлі жастағы қызығушылықтары бойынша бірлестіктерде, оқушылардың тұрақты немесе ауыспалы құрамымен жүзеге асырылады. Бірлестікті құру балалар мен ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдарды ерікті таңдауға негізделген;

балалардың қосымша білім беру ұйымындағы қызметі бір жастағы және әр түрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады. Мүдделер бірлестігін құру балалар мен ата-аналарды немесе оларды алмастыратын адамдарды ерікті таңдауға негізделген;

әр баланың бірнеше бірлестіктерде оқуды, оларды өзгертуді таңдауға құқығы бар;

қауымдастық қызметінің мазмұнын қызығушылықтары бойынша қосымша білім беру педагогы оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын ескере отырып анықтайды;

бірлестіктердегі қызығушылығы бойынша сабақтар бірдей тақырыптық білім беру бағдарламаларына немесе кешенді, кіріктірілген бағдарламаларға сәйкес өткізіледі. Сабақ бағдарламаның талаптарына байланысты бүкіл оқу жылы үшін де, қысқа мерзімге де ұйымдастырылады;

сабақ кестесі оқушылардың қолайлы жағдайына, олардың жас мөлшеріне, ата-анасының тілегін ескере отырып кәсіпорынның әкімшілігімен құрылады және бекітіледі;

қосымша білім беруді ұйымдастырудағы білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының компоненттері болып табылады және патриотизмді, азаматтықты, толеранттылықты, жоғары адамгершілік пен әдепті қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған;

қосымша білім беру ұйымындағы білім беру және тәрбие процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Оларда білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруларын болдырмау, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі;

қосымша білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етуге және жетілдіруге, сондай-ақ оқытудың жаңа технологияларын әзірлеуге және енгізуге, педагог қызметкерлердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады;

білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу және білім беру процесін оңтайландыру мақсатында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында әдістемелік қызмет, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық қызмет құрылады;

балалардың бастамасы бойынша қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің жарғыларына және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс істейтін балалардың қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады. Қосымша білім беру ұйымының әкімшілігі осындай бірлестіктер мен ұйымдардың жұмысына жәрдем көрсетеді;

қосымша білім беру ұйымы балалармен жұмысты күнтізбелік жыл бойы ұйымдастырады. Каникул уақытында қажеттілігіне қарай белгіленген тәртіппен клубтар, лагерьлер мен туристік базалар ашады, өз базасында немесе балалардың тұрғылықты жері бойынша лагерьлерде (қала сыртындағы немесе күндіз болатын) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамы бар әртүрлі топтар құрады, мастер - кластар өткізеді;

бірлестік жұмысы концерттік сапарлар, жорықтар мен саяхаттар, байқаулар, экспедициялар және басқа нысандар түрінде жүзеге асырылады;

жазғы кезеңде бірлестіктер оқушылардың  тұрақты және (немесе) өзгермелі құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс істейді;

балалар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығы, демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде педагогтің келісімімен балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) оларды негізгі құрамға қоспай қатыса алады;

қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру және тәрбие процесінің қатысушылары балалар, педагог қызметкерлер, бейіні бойынша мамандар, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады;

балаларды қабылдау кезінде қосымша білім беру ұйымы ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, жарғымен және білім беру және тәрбие процесін қабылдау және ұйымдастыру қағидаларын регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстыруды қамтамасыз етеді. Балаларды қосымша білім беру ұйымына қабылдау "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады;

қосымша білім беру ұйымында заңды тұлға құрмай бөлімшелер ашылуы мүмкін;

білім алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдерінің) және қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және қосымша білім беру ұйымының жарғысында айқындалады.

 қосымша білім беру ұйымында 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар оқиды:

1) оқу топтары 10 адамнан 15 адамға дейін профилі бойынша жинақталады;

2)оқу жылына және профильге байланысты оқушылар саны аз оқу топтарын жинақтауға жол беріледі, сонымен қатар аталған бірлестіктің қосымша білім беру бағдарламасын жинақтауға жол беріледі;

3) жеке жұмыс және топқа бөлу жұмысы (олардың бағыт ерекшелігіне қарай);

оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі  ұзақтығы 40 минут сабақ болып табылады, қажет болған жағдайда қосарланған сабақтарға (80 минут) жол беріледі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға сабақ 25-35 минут аралығында өткізіледі.Оқудың бірінші жылындағы сабақтар үшін аптасына 4 академиялық сағат, екінші және одан кейінгі 6-8 сағат көзделеді;

Жарғының осы тармағы Қарағанды облысы білім басқармасының «Произерск қаласы  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша қосымша білім беру ұйымының ерекшелігіне қарай қосымша білім беру бірлестігінің қосымша білім беру бағдарламасы өзгертілуі мүмкін;

қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде балалар табиғи бейімділіктер мен қабілеттерді анықтау бойынша қабылдау қарауларынан өте алады;

балаларға арналған қосымша білім беру ұйымынан балаларды шығаруды басшы мынадай жағдайларда жүргізеді:

- ата-анасының өтініші бойынша;

- медициналық көрсеткіштер бойынша (болуына кедергі келтіретін);

- баланың бірлестікте оқуы үшін ата-аналардың ай сайынғы төлемін      

уақытылы төлемегені үшін (шарт бойынша белгіленген төлем мерзімінен 15    

күнтізбелік күннен артық кешіктіріп төлеу);

- қосымша білім беру ұйымының Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін;

- сабақты дәлелді себептерсіз және әкімшілікке ескертусіз бір айдан артық өткізіп алу;

қосымша білім беру ұйымы мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы қосымша білім беру ұйымына қабылдау кезінде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың қосымша білім беру ұйымына келу режимі, білім беру қызметтерін ұсыну деңгейі мен мерзімдері, қосымша білім беру ұйымында баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.

қосымша білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметінің құнын Қарағанды облысының әкімдігі белгілейді. Ақылы қызметтерден түскен қаражат мамандарға жалақы есептеуге, құралдар сатып алуға, тиісті даму ортасын құруға бағытталуы мүмкін.

Тегін қосымша білім алуға құқығы бар:

- мүгедек балалар;

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- көп балалы отбасылардың балалары.

бірінші бала осы білім беру ұйымында оқитын жағдайда, екінші және үшінші  бала үшін оқу ақысын төлеу кезінде 50% жеңілдік құқығы бар.

тәрбие-білім беру процесін қамтамасыз ету кезінде қосымша білім беру ұйымында әрбір балаға кепілдік беріледі:

1) оның өмірі мен денсаулығын қорғауға;

2) оның қадір-қасиетін қорғауға;

3) күш көрсету, моральдық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың    

барлық нысандарынан қорғауға;

4) оның шығармашылық қабілеттері мен мүдделерін дамытуға;

5) дамуында орын алған кемшіліктерді түзетуде білікті көмек алуға;

6) оның бейімділігіне, қабілеттеріне, қалауы мен денсаулық жағдайына  

сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуға құқығы бар;         

ата-аналар немесе олардың орнындағы адамдар құқылы:

1) тәрбиеленушілердің тәрбие-білім беру бағдарламаларын игеруі және

тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру шарттары туралы объективті ақпарат алуға;

2) тәрбие және білім беру проблемалары бойынша білікті кеңес алуға;

3) балалардың бос уақытын ұйымдастыруға және бос уақытында олардың мінез-құлқын бақылауға;

4) тәрбиеленушілерге осы Жарғыда айқындалатын сапалы қарап-тексеруді, тәрбиелеу мен дамытуды талап етуге;

5) балалармен жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;

6) жанжалды жағдайларды шешу үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының әкімшілігіне жүгінуге;

ата-аналар немесе оларды алмастыратын адамдар міндетті:

1) қосымша білім беру ұйымының қызметкерлерімен және басшылығымен байланыс орнатуға;

2) балаларды тәрбиелеу үшін үйде жағдай жасауға, олардың зияткерлік және дене күштерінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге ;

3) қосымша білім беру ұйымының жұмыс режимін сақтауға ;

4) баланы күтіп-бағу үшін төлемді уақтылы енгізуге ;

5) қосымша білім беру ұйымының тәрбиеленушілеріне келтірілген материалдық залалды өтеуге ;

6) қосымша білім беру ұйымы қызметкерлерінің, тәрбиеленушілердің, басқа да ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ар-намысын, қадір-қасиетін және құқықтарын құрметтеуге;

7) қамқоршылық кеңестің шешімдерін орындауға;

  8) баланың қосымша білім беру ұйымдарына баруын қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі құрылтайшының «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесімен,  Қарағанды облысы білім басқармасының «Произерск қаласының  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4 тарау. Кәсіпорынды басқару

  1. Қарағанды облысының әкімдігі кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ Кәсіпорынның құрылтайшысы үшін көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  2. «Қарағанды облысының экономика басқармасы" мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқығының субъектісі үшін көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  3. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  құқылы:

1) Кәсіпорын басшысын тағайындауға;

2) қызметтің басым бағыттарын және Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындауға;

3) Кәсіпорынның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарауға, келісуге және бекітуге;

4) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыруға;

5) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

20.Кәсіпорынның тікелей  басшысы - директор.

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының «Произерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау қағидаларына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы Кәсіпорын басшысымен еңбек қатынастарын ресімдейді.

22.Егер заңдарда және кәсіпорын Жарғысында өзгеше көзделмесе, Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін заңдарда және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23.Басшы:

1) кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.

8) Қарағанды облысы білім басқармасының "Произерск қаласының  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  басшысына өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін кандидатуралар (штат кестесінде болған жағдайда) ұсынады  ;

9) өз орынбасарларының және кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;     

      10) кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына, таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аударылмауына дербес жауапты болады.

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

24.Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

5 тарау. Кәсіпорынның мүлкі

  1. Кәсіпорынның мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлу мүмкін емес.

27.Кәсіпорынның мүлігі мыналардан құралады:

1)  меншік иесі берген мүліктер;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3)Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның қарамағында оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана бола алады.
  2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, оралымды басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптармен және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша сатып алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның оралымды басқаруына түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе құрылтайшының шешімінде өзгеше белгіленбесе, меншік иесі оны Кәсіпорынға бекітіп беру туралы шешім қабылдаған мүлікке жедел басқару құқығы Кәсіпорында мүлікті өз балансына бекітіп берген кезде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкін жедел басқару құқығы меншік құқығын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 144, 154, 162-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өзіне бекітілген, негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жазбаша келісімімен ғана құқылы.
  8. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығымен бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

6 тарау. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
  2. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін көрсетеді. Мұндай қызметтердің құнын Кәсіпорынның құрылтайшысы анықтайды.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметті жүзеге асырудан Кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қойылуға жатады.

7 тарау. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы

  1. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.

8 тарау. Кәсіпорынның есебі және есептілігі

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және есеп саясатына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігіне мыналар кіреді: бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба.

9 тарау. Кәсіпорынның жауапкершілігі

  1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Осы заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, қазыналық Кәсіпорынның қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
  2. Кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

10 тарау. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

  1. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленеді.

11 тарау. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

  1. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен

белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

12 тарау. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
  3. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

13 тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен енгізіледі және аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жатады.

 

Директор                                                                                       С. Б. Попченко