2020 жылы 18 қаңтарда " Знай - ка " үйірмесінде «Туған қаланың тарихы, туған өлкенің тарихы " тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.       

Осы іс-шараның тақырыбы (педагог З. Т. Ильтнер), өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың өздерінің кіші Отаны туралы білімдерін өзектендіру мақсатында таңдалды.

Балалар назарына презентация ұсынылды, онда біздің тамаша Приозерск қаламых, оның алғашқы туған күнінен бастап  қазіргі күнге дейінгі тарихи материалдары  көрсетілді.