2019 жылдың 3 – 24 ақпан аралығында  Қытай Халық Республикасында Урумчи қаласында бокс бойынша  халықаралық матчтық кездесулер өткізілді.

 

Бұл жоғары деңгейдегі сайысқа Қазақстан, Өзбекістан, Ресей Ферерациясы, Моңғолия және Қытайдың боксшылары бақтарын сынап көрді.  Біздің  ұлттық  құрама командамыздың мүшесі болып «Достық » орталығының жаттықтырушысы Асылхан Тухтаев қатысты. Төрт күнге созылған сайыста біздің әріптесіміз Моңғолия және Қытай боксшыларымен күресіп, жақсы көрсеткіштерге ие болды. Қазақстанның боксшылары жалпы командалық   2 орын алды, оған  Асылхан Тухтаевтың да қосқан үлесі мол. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, жаңа жеңістерге жетуін тілейміз!

.