«Сувенир» қолөнер үйірмесінде 13.12.2018 күні Сейтенова Анаргул Базарбаевна «Туған өлкем-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат: Тәрбиеленушілерге өз Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер, «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсінді.

Сонымен қатар, балалар түсті қағаздан Астана көркі «Байтерек» аппликациялық әдіспен жасады, дайын жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Қосымша білім беру ұстазы:

Сейтенова А.Б