8 желтоқсан күні ""Достық" балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы" КМҚК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз Қазақстан" атты концерт өтті.


Концертке орталықтың музыка және көркем өнер бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.


Концерттің жас жүргізушілері Камзина Камила мен Сұлтан Досымжан барлық қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Концерттік бағдарламаны "Знай-ка" үйірмесінің тәрбиеленушілері "Говорим на разных языках", "Дружба", "Ты цвети Казахстан, расцветай!" қойылымдармен ашты. Домбырашылар ансамблі "Наркескен" және "Ана толғауы" музыкалық нөмірлерін ұсынды. "Вдохновение" би үйірмесінің тәрбиеленушілері орындаған "Сары жайлау" және "Ерке қыз" би нөмірлері әдемі және жарқын болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Happy English" үйірмесінің тәрбиеленушілері көрермендер назарына "Солнечный круг" әнін ұсынды. Музыка мектебінің тәрбиеленушісі Азамат Мерей фортепианода "Ақ Дариға" шығармасын орындады, Долгова Алина "Микки Маус" шығармасын орындады. "Пин и Гвин", "Дружат музыка и дети" және "Мы единое целое" әндерін "До-ми-соль-ка" хоры орындады. 


Мереке қонақтары үшін фойеде "Как прекрасен этот мир, посмотри..." балалар суреттері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылып, "Сувенир" және "Знай-ка" үйірмелеріндегі тәрбиеленушілердің жұмыстары ұсынылды.


Концертке орталық педагогтары, ата-аналар және қала тұрғындары қатысты. Көрермендер орталық педагогтары дайындаған әр түрлі және жарқын нөмірлерден үлкен әсер алды.