26 сәуір күні "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының "Бақытты балалық шақ" атты есеп беру концерті өтті. Аталмыш концертке ерекше ықыласпен дайындалған орталық тәрбиеленушілері мен жетекшілері өздерінің шығармашылығы мен шеберлігін паш етіп, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні күмбірлеген күй, әсем ән, жалынды би, әсерлі қойылымдар қойылды. Көрермен ретінде балаларының өнері мен шығармашылық жетістіктерін көрген ата-аналардың жүздеріне қуаныш сезімі ұялап, мақтаныш кернеді.
Бақытты балалық шақ















